| A theme of the age, at least in the developed world, is that people crave silence and can find none. The roar of traffic, the ceaseless beep of phones, digital announcements in buses and trains, TV sets blaring even in empty offices, are an endless battery and distraction. The human race is exhausting itself with noise and longs for its opposite—whether in the wilds, on the wide ocean or in some retreat dedicated to stillness and concentration. Alain Corbin, a history professor, writes from his refuge in the Sorbonne, and Erling Kagge, a Norwegian explorer, from his memories of the wastes of Antarctica, where both have tried to escape.
And yet, as Mr Corbin points out in "A History of Silence", there is probably no more noise than there used to be. Before pneumatic tyres, city streets were full of the deafening clang of metal-rimmed wheels and horseshoes on stone. Before voluntary isolation on mobile phones, buses and trains rang with conversation. Newspaper-sellers did not leave their wares in a mute pile, but advertised them at top volume, as did vendors of cherries, violets and fresh mackerel. The theatre and the opera were a chaos of huzzahs and barracking. Even in the countryside, peasants sang as they drudged. They don’t sing now.
What has changed is not so much the level of noise, which previous centuries also complained about, but the level of distraction, which occupies the space that silence might invade. There looms another paradox, because when it does invade—in the depths of a pine forest, in the naked desert, in a suddenly vacated room—it often proves unnerving rather than welcome. Dread creeps in; the ear instinctively fastens on anything, whether fire-hiss or bird call or susurrus of leaves, that will save it from this unknown emptiness. People want silence, but not that much. | Қазіргі заман адамдары, әсіресе дамыған елдерде, бар есіл-дертімен тыныштықты іздеуге кіріскен. Бірақ күйбелең тірліктен ешкім толық қашып құтылған емес. Машинаның гүрілі, телефонның шырылы, автобустар мен пойыздарда жарқырап жанған жарнамалар, көретін жан жоқ болса да, күні-түні тыным таппай хабар тарататын теледидарлар — бұның бәрі бір сәтке де үзілмейді. Осыншама шудан әбден жүдеп біткен адамдар енді керісінше жабайы табиғатқа, ұшы-қиыры жоқ мұхиттарға немесе ештеңеге алаңдамай, есін жиюға мүмкіндік беретін оңаша жерлерге барып, миын тынықтырғанды жөн көреді. Солардың бірі, тарих профессоры Ален Корбен өз еңбектерін осындай тынымсыздықтан пана болған Сорбонна университетінде жазса, норвег зерттеушісі Эрлинг Кагге Антарктиданың ластануы жайлы естеліктерін сол жерде отырып жазған. Алайда Корбен өзінің "Тыныштық тарихы" атты еңбегінде қазіргі шу көлемі бұрынғыдан арта қоймаған деп мәлімдейді. Өткен ғасырларда қолданыста болған көшелерде қаптап жүрген арба-көліктердің пневматикалық шиналарынан, металл тоғынға салынған дөңгелектерінен, ат тағаларының тасқа тиюінен шудың даңғырлап-гүрсілдеп шығып жатуы — соның дәлелі. Ұялы телефондар шықпаған заманда автобустар мен пойыздар бір-біріне сигнал беріп сөйлесетін. Газет-журналдарды сатушылар қазіргідей дүңгіршектерде отырмай, бар даусымен айқайлап, дабыл қағатын. Олардан жеміс-жидек, гүл және балық сатушылары да қалыспайтын. Театрлардағы спектакльдер мен операларда жан-жақтан қолпаштаған дауыстар немесе наразылықты білдіретін ысқырықтар шығып жататын. Тіпті ауылдардың өзінде тыныш болмайтын — ауыр жұмыстан шаршаған шаруалар ән айтып көңіл сергітетін. Қазір ондай салт ұмытылып кеткен. Қазір өткен ғасырлардан бері адамдардың өміріне сіңіп кеткен шу деңгейі өзгере қойған жоқ. Мәселе — мазасыздықтың шудан емес, тыныштықтан пайда болуында. Бұл — кереғар құбылыс. Ну орманның ішінде, құлазыған қу шөлде, не болмаса жай ғана бос бөлмеде жалғыз қалған адам тыныштықта тынығудың орнына одан бетер уайымдай түседі. Мұндай тыныштыққа үйренбеген адам үрейге бой алдырып, әрбір сыбдырға, тіпті оттың шытырына, құстың шықылына, жапырақтардың тысырына құлақ тосады. Біз тыныштықты сонша қалаймыз, бірақ тыныштық тым көп болса, оны игере алмаймыз. |